Күл өңдейтін зауыт индустриялдық аймақтан шығып қалды

909

Күл өңдейтін зауыт индустриялдық аймақтан шығып қалды

Kazzolokom компаниясы  "Алатау" индустриялық аймақтың қатысушылары тізімінен шығарылды. Оған себеп – кәсіпорынның өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы. Бұл туралы LS агенттігіне Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы мәлім етті.

Мекеменің айтуынша,  күл қалдығын өңдейтін комбинат "Алатау" аймағында іске асырылатын нысандар тізіміне 2014 жылдың  28 қарашасында енгізілген. Жобаның құны  99,9 млрд теңгеге бағаланып, өндіріс жылына  1,29 млн тонна өнім шығарады деп болжанған.

Алайда  аймақтық үйлестіру кеңесінің 2016  жылғы  2 маусымдағы шешімі бойынша, кәсіпорын индустриялдық аймақ шеңберінде жұмыс істейтін компаниялар тізімінен шығарылды.  Компаниямен арадағы келісімшарт  2016 жылдың  2 шілдесінде бұзылған.

Кәсіпорынның төлқұжатына сәйкес, қазіргі таңда Kazzolokom жұмыс істемейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу