Ал Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағына құлаған Ми-8 әскери тікұшақтың экипаж мүшелері апаттың алдын алу үшін соңғы секундқа дейін күрескен. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әскери әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, апат ауа райынан емес, техника жағынан болған. Экипаж мүшелерінің баяндауына, сөйлесуіне мүлде уақыты болмаған. Апаттың алдын алу үшін 200 метрлік биіктікте келе жатқан тікұшақ экипажы бағытын фермадан басқа жаққа бұрып, апатқа ұшыраған. Бүгінде түкұшақтың қара жәшігі табылғаны белгілі болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу