"Құлагер" хоккей командасының басшысы ұсталды

153

Бұған дейін алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Сергей Филь Қарағанды қаласында ұсталды.  

"Құлагер" хоккей командасының басшысы ұсталды Фото: «Құлагер» ХК

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Астананың 45 жастағы тұрғыны бірнеше адамды алдаған деген күдікке ілініп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қозғалған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді, – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу