Құлаққаппен ұйықтауды әдетке айналдырған әйел есту қабілетінен айырылды

1529

Әйел музыка тыңдамай, ұйықтай алмайтын болыпты. 

Құлаққаппен ұйықтауды әдетке айналдырған әйел есту қабілетінен айырылды Фото: Oddity Central

Қытайда екі жыл бойы құлаққаппен ұйықтауды әдет еткен әйел есту қабілетінен айырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Oddity Central порталына сілтеме жасап.

Ванг есімді әйел есту қабілеті нашарлағанын байқап, құлағын тексеру үшін ауруханаға барды. Науқастың сол құлағында неврологиялық есту қабілетінің зақымдануы байқалған.

Дәрігер әйелден бас жарақатын алғанын немесе ұзақ уақыт бойы қатты дыбыста тұрды ма деп сұрады. Ванг екі жыл бойы құлаққаппен музыка тыңдап, ұйықтағанын айтты.

"Колледжде оқып жүргенімде музыкамен ұйықтағанды ​​ұнататынмын. Екі жыл болды, бұл әдетке айналды", – дейді қытайлық әйел.

Дәрігерлер Ванг енді есту аппаратын киюге мәжбүр екенін айтты. Мамандар құлаққаппен көп жүрмеуге кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу