Күләш Шәмшидинова: Дастарқан мен қымбат көйлектер қажет емес

3485

Мектеп бітіру кеші тек мектепте және артық шығынсыз өту керек деп есептейді білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова.

Күләш Шәмшидинова: Дастарқан мен қымбат көйлектер қажет емес

"Бұл мәселе жыл сайын көтеріледі. Мектеп бітіру кеші мектепте өткізілетін жақсы дәстүр бар. Алайда, соңғы кезде кім, қайда өткізетіні бәсекеге айналды", – деді Күләш Шәмшидинова бүгін баспасөз жиынында.         

"Біріншіден, мектеп бітіру кеші біздің ата-аналарымыз, яғни өзіміз жасағандай өту керек. Кеш, шын мәнінде мектеппен қоштасу кеші болуға тиіс. Ең бастысы – ата-ана да, мектеп те баланың қауіпсіздігіне мән беруі керек. Кез келген шара осы сұраққа жауап беруі қажет. Сондықтан мектеп бітіру кеші тек мектеп шеңберінде, мектепте, ысырапсыз өту керек деп есептейміз", – деп атап кетті министр.

"Лық толы дастарқан мен қымбат көйлектер қажет емес. Мектеп бітіру кеші киім көрсетіп, жарысу үшін емес, ата-аналар мен балалардың кездесуі үшін өткізіледі", – деп толықтырды министр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу