Күләш Шәмшидинова Павлодар тұрғындарының сауалдарына жауап берді

951

Еліміздің бас ұстазы жиын барысында балалардың мектепке дайындығына қатысты пікірімен бөлісті.

Күләш Шәмшидинова Павлодар тұрғындарының сауалдарына жауап берді

Ертіс өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова "Nur Otan" партиясы Павлодар облыстық филиалының ғимаратында өңір жұртшылығымен өткен кездесуде тұрғындардың сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Еліміздің бас ұстазы жиын барысында балалардың мектепке дайындығына қатысты пікірімен бөлісті.

"Павлодар облысында балалар мектепке дайын баруға тиіс деген ұғым қалыптасып кеткен. Балғындарға әріптерді танытып, санауды үйрету – мектептің міндеті. ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес бүлдіршіндер 1-сыныпқа алты жастан қабылдануы керек. Егер бұрын әліппемен жаңа жылда қоштасқан болса, қазіргі таңда бұл кезең үшінші тоқсанға дейін ұзартылған. Бір кездері бес жасар балалар үшін әліппе мен математиканы енгізу мәселесі талқыланған. Алайда, ондай шешім қабылданған жоқ. Бәлкім, мұндай көзқарас осыдан пайда болған", – дейді Күләш Шәмшидинова.   

Министрдің айтуынша, өңірде апаттық жағдайдағы және үш ауысымдық мектептер, оқу орны тапшылығы жоқ. Бірінші кезекте мектеп құрылысы үш ауысымдық білім беру ордалары бар аймақтарда жүргізіледі.

Қазіргі таңда елімізде мұндай 128 мектеп, апаттық жағдайда тұрған 28 мектеп тіркелген. 2019-2021 жылдар аралығында республика бойынша 190 мектеп бой көтереді. Қазіргі таңда Павлодар облысында бір мектептің құрылысы жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу