Оңтүстік Қазақстан облысындағы Манкент ауылының тұрғыны Шавкат Хакимбаев биыл егістіктен 13-14 тонна құлпынай жинамақ. Бұл туралы blognews.kz хабарлайды.
"Зебо-1" шаруа қожалығының 2 гектар егістігінде бүгінде жиын-терім жұмыстары қыза түскен. 40-қа жуық адамды маусымдық жұмыспен қамтып отырған қожалық басшысы биыл 13-14 тоннаға жуық өнім аламын деп отыр.
"Қазіргі таңда біздің құлпынайымызға сұраныс мол. Аталған өнімді негізінен Алматы және Астана қалаларына сатылымға шығарамыз. Маусымдық жұмыстар кезінде 30-40 адамды жұмыспен қамтимыз. Құлпынайды теріп, шөбін жұлып, баптаған жұмысшыларға күндігіне – 1700 теңгеден төлеп жатырмыз", - дейді қожалық төрағасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу