Құлсары қаласын қарғын су басты

296

Бұл туралы Жылыой ауданының әкімдігі хабарлады.  

Құлсары қаласын қарғын су басты Фото: Азаттық

"Жем өзені таси бастады. Төтенше жағдайлар штабы Құлсарының 2 және 3 елді-мекендерін қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдады. Бірінші кезекте әйелдер мен балалар, ауру және мүгедектігі бар азаматтар көшіріледі", - деді әкімдік өкілдері.

Тұрғындарды қабылдау үшін 7 мектепте арнайы эвакуациялық  пункттер ашылған. Халыққа тек өзімен құжаттары мен ең қажетті заттарды алу қажеттігі айтылған. 

ТЖМ соңғы дерегі бойынша, дәл осы уақытта қаладан 130 адам эвакуацияланған. Оның 84 бала. 1-сәуірден бастап өзен жағасына 41 996 қап құмнан кедергі жасалған. Құтқару жұмыстарына ТЖМ және Қорғаныс министрлігінен 342, жергілікті тұрғындар мен волонтерлардан 4 мың 540 адам жұмылдырылған. Су қатерінен қорғану үшін 142 техника да жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу