Құлсары қаласына мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту орталығы керек

1150

Сенатор Ғұмар Дүйсенбаев Атырау облысы Құлсары қаласында мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салу қажеттігіне ерекше тоқталды. Ол отбасында қосымша күтімді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалары бар өңір тұрғындары осындай өтініш айтқанын атап өтті.

Құлсары қаласына мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту орталығы керек

"Облыста мүмкіндігі шектеулі осындай балаларды емдейтін арнайы мамандар жетіспейді. Сондықтан ата-аналар бірлесіп қаржы жинап, ірі қалалардағы оңалту орталықтарынан логопед, трудопед, дефектолог, емдік денешынықтыру мамандарын шақырып, емдік шараларды ұйымдастыруға мәжбүр болып отыр. Осы жағдайды ескере отырып, Атырау облысындағы Құлсары қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қазіргі заманғы жабдықтары мен емдеу бассейні бар және мамандармен толық қамтылған оңалту орталығын салдыруды  сұраймын", – деді сенатор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу