Құлсары қаласында 100-ден астам үй әлі де су ортасында тұр

260

Атырау облысының Құлсары қаласында 100-ден астам үй мен 10 кәсіпкерлік нысаны әлі де су ортасында, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құлсары қаласында 100-ден астам үй әлі де су ортасында тұр Фото: Атырау облысының әкімдігі

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар тобы 2 815 үйден су бұрып, сору жұмыстарын жүргізген.

"Өңірдегі эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар. Олардың 430-ы – балалар. Атырау облысының Құлсары қаласында екінші тәулік бойы Төтенше жағдайлар министрлігінің ақтөбелік әскери қызметшілері қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Ауру тудыратын микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің таралуын болдырмау үшін 20982 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау ротасының жиынтық құтқару тобы жұмыс істеп жүр", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Атырау облысында су басу қаупіне байланысты 7 сәуірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай енгізілген. Бұл әлі режим әлі де сақталып отыр. 

Сондай-ақ Серік Шәпкенов Құлсарыдағы су басқан үйлерді бағалауды екі аптада аяқтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу