Құлсары қаласының орталық стадионы 2022 жылы ашылады

1280

Биыл Атырау облысында 291 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63%-ға жоғары көрсеткіш.  Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Құлсары қаласының орталық стадионы 2022 жылы ашылады

"Бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 280 мың шаршы метрді құрайтын  3 164 пәтерлік 51 тұрғын үй салынып жатыр. Жыл соңына дейін 25 тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", – деді Атырау облысының әкімі.

Облыс басшысының баяндауынша, биыл тұрғын үй құрылысы үшін 2 747 жер учаскесіне инженерлік, көліктік инфрақұрылымын жүргізуге арналған 27 жобаны жүзеге асыруға 12,6 млрд теңге бөлінді.

"Әлеуметтік нысандардың да құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, биыл 11 балабақшаның, 2022 жылы 3 балабақшаның құрылысы аяқталады. Қазіргі таңда 5 224 орындық 10 мектеп салынып жатыр. 1 410 орындық 3 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Медициналық колледждің 200 орындық жатақханасы салынуда. Биыл 25 орындық жастар үйі пайдалануға берілді. Атырау қаласында жанұялық үлгідегі балалар ауылының құрылысы аяқталуға жақын. Денсаулық сақтау саласында 7 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек 2 денсаулық сақтау нысаны құрылысы басталады. Үш ауданда 4 ауылдық мәдениет үйі бой көтеріп келеді. Салынып жатқан 6 спорт нысанының 5-і биыл тапсырылады. Құлсары қаласындағы орталық стадион 2022 жылы ашылады", – деді Махамбет Досмұхамбетов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу