Құлсарыда 3591 адам 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы алды

264

77 үйде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. 

Құлсарыда 3591 адам 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы алды Фото: Atyrau Press

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев өңірдегі су тасқынына қарсы кезеңде қабылданған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта Жылыой ауданы мен Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 77 үйде электрмен жабдықтау, сонымен қатар 150 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілді. 25 сәуірдегі деректерге сәйкес, Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен 3591 адам 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек алды", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте (ZOOM).

Ауданда 1,8 миллион текше метр су сорылды. 25 сәуірдегі жағдай бойынша 1 710 жеке үйден су кетті. Руслан Жұмағазиевтің сөзінше, өткен тәулікте 100 үй мен 3 әлеуметтік нысан дезинфекциялық өңдеуден өткен.

"25 сәуірдегі жағдай бойынша залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия азаматтардан 2523 өтініш қабылдады. 40-тан астам маман мүлікті техникалық тексеруге және бағалауға жұмылдырылған", - деп атап өтті баспасөз хатшысы.

Бұдан бөлек Атырау облысында су тасқынына қарсы профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр.

"Ұзындығы 500,2 км қорғаныс бөгеттері салынды. Жоспар – 521,7 км. Сондай-ақ, 4,7 млн-нан астам қапшық төселді. 15000 адам және 1,5 мың техника жұмылдырылды", - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу