Құлсарыда авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

208

Жалпы Жылыой ауданында су тасқыны орын алғаннан бері 900 000 текше метрден астам су сорылды.

Құлсарыда авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр Фото: ТЖМ

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында ағымдағы жылдың 4 сәуірінен бастап төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі таңда  2491 құрылыс нысандары су астында. Су тасқыны басталғаннан бері Жем өзінің деңгейінің төмендеуіне байланысты 319 үйден және басқа да нысандардан су тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жұмыстардың жүруіне 2961  адам, 110 бірлік техника, 4 жүзу құралы, 124 су сору құрылғылары жұмылдырылды.

Аталған күннен бастап 36 738 тұрғын оның ішінде 8392 бала эвакуацияланды. ТЖД күштерімен 13 мыңнан астам бас мал қауіпсіз жерге айдалды.

Жоғарыда жасалған жұмыстармен қатар, тәулік бойы департаментте "Қауырт желі" арқылы 230  қоңырау қабылданды. Оның ішінде 16 абонентке туындаған стресстік жағдайлар кезінде  шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

2024 жылғы 17 сәуірде Атырау облысына Мемлекеттік материалдық резервтен шығару тәсілімен 5 дана ЖСС–500 маркалы (2 дана дизельдік, 3 дана электрлік) су сору құрылғысы жеткізілді. Қосымша Қызылорда облысына тиесілі ЖСС-500 су сору құрылғысының 2 данасы алынды.  ЖСС-500 (СНП-500) секундына 500 м3 су сорады.

Қазіргі уақытта Жылыой ауданы Құлсары қаласында 2 дана дизельдік ЖСС-500 (жылжымалы сорғы станциясы) су сору жұмыстарына жұмылдырылып, 18 сәуірден бастап 86 мың текше метрден астам  су сорылды.

Бұдан бөлек ПНС-200 су сору құрылғысымен су басқан тұрғын үйлердің аулаларынан су айдау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы Жылыой ауданында су тасқыны орын алғаннан бері 900 000 текше метрден астам су сорылды.

Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу