Құлсарыда балабақшаны талқандаған жеткіншектердің ата-аналары айыппұл төлейді

679

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 6 ата-анаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Құлсарыда балабақшаны талқандаған жеткіншектердің ата-аналары айыппұл төлейді Фото: Видеодан скриншот

"Биыл 1 қазанда сағат 15:00 шамасында кәмелетке толмаған балалар Құлсары қаласындағы балабақша ғимаратына заңсыз кірген. Олар балабақшадағы ойыншықтар мен орындықтарды, гүлдерін лақтырып, өрт сөндіруге арналған құрылғыдан шашқан. Есіктердің әйнегін сындырған 6 жасөспірімнің заңды өкілдерінің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, баянатпен, сауалнама хаттамаларымен, куәлардың айғақтарымен және істің басқа материалдарымен толық дәлелденді", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларының жасаған әрекетіне өкініп, аз мөлшерде айыппұл тағайындауды сұраған.

"Сот жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, жасөспірімдердің заңды өкілдеріне 441 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазасын қолданды. Бұл тағайындалған айыппұл сомасының 30% құрайды", – деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ. Балабақша мүлкін бүлдірген жасөспірімдер камера арқылы анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу