Құлсарыда мектеп түлектері саябақты шулатқан

144

Полиция әкімшілік хаттама толтырды.  

Құлсарыда мектеп түлектері саябақты шулатқан Фото: бейнежазбадан

Құлсарыда мектеп түлектері саябақтағы аркаға шығып кетіп, дүрбелең туғызды. Олардың ата-аналары жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" порталына сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 24 мамыр күні бір топ мектеп түлегі қоғамдық тәртіпті бұзған. Олардың бесеуі "Нұрсая" саябағындағы аркаға шығып кеткен.

Түлектер полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдерге "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың ата-аналары "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 127-бабының 1-бөлігі бойынша кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Енді олар айыппұл төлеуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу