Құлсарыда мұз айдыны ашылды

585

Құлсары қаласында "Бақытты бала" мұз айдыны мен отбасылық демалыс орны ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Жылыой ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.  

Құлсарыда мұз айдыны ашылды Фото: Жылыой ауданы әкімдігі

Мұз айдыны 35 балаға арналған. Кешен 140 дана италяндық өндіруші конькилерімен жабдықталған. Ал демалыс паркінде балаларға арналған түрлі атракциондар мен батуттар бар. Сондай-ақ, жаз мезгілдерінде Қамыскөлдің әдемі көріністерін аралауға арналған әдемі қайықтар да бар.

"Мұз айдыны жыл бойы балаларға қызмет көрсетеді. Ондағы синтетикалық мұздың қаттылығы нақты мұзға қарағанда 10-15% жоғары және бұл жаңадан коньки тебуді бастаушылар мен балаларға жаттығуларға, мәнерлеп сырғанау, керлинг немесе хоккей элементтерін жаттықтыруға ыңғайлы", - дейді кешенді ашуға мұрындық болған кәсіпкер Аманжан Құсайынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу