Құлсарыда шаруаларға 123 млн теңгеден астам өтемақы төленді

242

Бұдан бөлек әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мониторинг жүргізілуде.

Құлсарыда шаруаларға 123 млн теңгеден астам өтемақы төленді Фото: inbusiness.kz

Құлсарыда шаруа қожалығы суда қалған кәсіпкерлерге 123 млн теңгеден астам қаражат төленді. Қазір бағалау, өтемақы беру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Тасқыннан зардап шеккен шаруалар мен кәсіпкерлердің шығындары толық өтеледі. Жалпы ауданда 340-тан астам кәсіпкерлік нысан су астында қалған еді.

Тауар шығыны бойынша 27 кәсіпкердің өтінімі өңірлік комиссияға жолданған. Қазір бағалау жұмыстары жүріп жатыр.

Жауапты мамандар осы аптаның аяғына дейін бітіруді көздеп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Жем өзенін жағалай орналасқан 170 шаруашылықтың 101-іне 123 млн теңгеден астам өтемақы төленген. Бұл тек мал шаруашылығы бойынша. Ал егіс алқаптарының шығынын өтеу енді басталады.

Егін шаруашылығына әлі ештеңе жасақталған жоқ. Себебі, оның бір гектарына төленетін нормасы министрлікпен бекітіліп келеді. Сол құжат әлі келмей жатыр. Мысалы, 1 гектар қарбызға, 1 дәнді-дақылға берілетін нормасы бар. Соған байланысты қазір облыс бойынша тоқтап тұр. Ал жалпы егістіктері суға кетіп қалған 4 шаруашылықтың жерлерін барып, анықтап қойдық, - деді аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев.

19 түрлі азық-түлік түрлеріне шекті баға бекітілген. Жалпы өңірде су тасқыны бойынша ахуал тұрақты. Жайықтың деңгейі күн санап төмендеп келеді. Осыған байланысты өзенде тазалық жұмыстары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу