Құлсарыда спорт мектебінің бас есепшісі 55,3 млн теңгені заңсыз аударған

173

Сот заңсыз аударылған қаржыны қайтаруды міндеттеген шешім шығарған. 

Құлсарыда спорт мектебінің бас есепшісі 55,3 млн теңгені заңсыз аударған Фото: assino.ru

Атырау облысының Құлсары қаласындағы спорт мектебінің бас есепшісі бірнеше жыл бойы заңсыз ақша аударғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Зоя Сапарованың айтуына қарағанда, Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне аудиторлық іс-шара жүргізілген. 

– Аудиттің нәтижесінде жалпы сомасы 55 млн 354,7 мың теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталды. Мектеп басшысының тарапынан қаржының жұмсалуына тиісті қадағалау жүргізілмеген. Әсіресе, мектептің банктік есепшоты арқылы жүргізілген операциялардың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген. Мекеменің бас есепшісі 2020-2024 жылдары аралығында еңбекақы, іс-сапарға шығу, еңбек демалысы және сауықтыру қаржысын төлеуге бұйрықтар рәсімделмесе де, негізсіз аударып жіберген, – деп мәлімдеді Зоя Сапарова.

Оның айтуына қарағанда, анықталған бұзушылықтарға байланысты бас есепшіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу