Құлсарыда құтқарушы жігіт қаза тапты

1012

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Құлсарыда құтқарушы жігіт қаза тапты Фото: Атырау ТЖД

Жылыой ауданында су сорғызу жұмыстарын жүргізу барысында 23 жастағы азамат қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жылғы 29 мамырда Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Ракым Бейбарыс Жалғасбайұлы Жылыой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында бақилық болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген хабарламада.

Ракым Бейбарыс 2001 жылы Атырау қаласында туған. Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет етті. Осы қысқа уақыт ішінде бірнеше ірі, күрделі өрттерге қатысып, адам өмірін, мүлкін құтқаруда, қорғауда бар күш-жігерін салып, халық алғысына да бөленген болатын.

Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу