Атырау облысы, Жылой ауданының орталығы Құлсары қаласында суға кеткен үйден төрт бала анасымен бірге құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялау барысында "Жаңа құрылыс" учаскесіндегі бір үйдің терезесінен айқайлап көмек сұраған дауыс шыққан. Үйге кіріп жағдайды нақтылаған Жылыой ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қайықпен барып, су басқан үйде қалып қойған келіншекті 4 баласымен құтқарып алды.
Құтқару жұмыстары жалғасуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу