Құлсарыда топтық төбелесте жасөспірім көз жұмды

325

Екі күдікті қамауға алынды.

Құлсарыда топтық төбелесте жасөспірім көз жұмды Фото: Inbusiness.kz

Құлсарыдағы төбелес кезінде аурухананың жансақтау бөліміне түскен жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен мәлім еткен, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, 19 қаңтарда 03:05 шамасында Атырау облысы Құлсары қаласында топтық төбелес болды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде құқықбұзушылыққа жол берген барлық тұлға полиция бөліміне жеткізілді.

Үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 2006 жылы туған жасөспірім жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

2000 және 2007 жылы туылған күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу