Құлсарыда үйі суға кеткен зейнеткер қоғамдық штабта ерікті болып жүр

294

Атырау облысындағы Құлсары қаласында үйі суға кеткен зейнеткер қоғамдық штабта ерікті болып жүр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құлсарыда үйі суға кеткен зейнеткер қоғамдық штабта ерікті болып жүр Фото: Атырау облысының жедел штабы

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға кеңес беретін қоғамдық штаб құрылған. Штаб құрамында 17 адам бар. Соның бірі – Дайрабай Елдесбаев.Оның үйін тасқын су басқан.

"Үйіміз суға кеткенде абдырап, үрейленіп қалдық. Кейін зардап шеккен тұрғындарға түрлі кеңес беру үшін қоғамдық штаб құрылды. Мен де сол штабқа мүше болуға шешім қабылдадым. Өйткені, өзім секілді тосын апаттан қиналып қалған тұрғындарға көмек көрсеткім келді. Қоғамдық штаб құрылғалы бері 3 мыңнан астам тұрғын жүгінді. Оларға құқықтық бағытта кеңес беріп отырмыз" -деді Дайрабай Елдесбаев. 

Оның айтуынша, қоғамдық штаб мүшелері әлеуметтік нысандардың жұмысын қайта бастауына атсалысқан. 

"Құлсарыға жеткізілген гуманитарлық көмек төрт пункттен беріліп жатыр. Дәрі-дәрмектердің медицина қызметкерлері арқылы мұқтаж жандарға таратылуы қолға алынды. Тасқын судан зардап шеккен тұрғындар материалдық көмек алғысы келеді. Штаб мүшелері олардың тиісті құжатты жинақтауына көмектесіп отыр", - дейді Дайрабай Елдесбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу