Құлсарыда жаңа тұрғын үйлердің қабырғасы қаланып жатыр

251

Құлсары қаласындағы "Болашақ" шағын ауданында 100 тұрғын үй салу көзделген.

Құлсарыда жаңа тұрғын үйлердің қабырғасы қаланып жатыр Фото: Атырау облысының жедел штабы

Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін құрылысы басталған жаңа үйлердің қабырғасы қаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Атырау облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Дархан Тілепбергеннің мәліметінше, Құлсары қаласындағы "Болашақ" шағын ауданында 100 тұрғын үй салу көзделген.

"Қазір тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға арналған 48 үйдің іргетасын құю аяқталды. Тағы 52 үйдің іргетасы құйылып жатыр. Мұнда құрылыс материалдары жеткілікті мөлшерде тасымалданды. Тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу үшін жергілікті компаниялардан үш мердігер таңдалды. Жаңадан салынуға тиіс 80 үй "Қазақстан халқына" қоры бөлген қаржыға салынады. Ал, 20 үйдің құрылысы жергілікті бюджет есебінен бой көтереді. Қыркүйек айында 100 үйді пайдалануға тапсыру көзделіп отыр", - деді Дархан Тілепберген.

Оның айтуынша, құрылыс жұмысына 100 құрылысшы маман, 50 техника тартылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендер үшін 80 үй салуға 2,6 млрд теңге бөлінген болатын.

"Қазақстан халқына" қорының баспаөсөз қызметінен мәлім еткендей, тұрғын үйлердің авторлық дизайнын "ETALON PROJECT GROUP" ЖШС дайындаған. Бұл серіктестік дизайнның сақталуына бақылау жүргізеді. Ал, техникалық қадағалау "ZAF-Стройсервис" ЖШС-ға жүктелген.

"Атырау облысының Құлсары қаласында 80 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге 2 млрд 640 млн теңге бөлінді. Мұнда 1 үйді салуға жұмсалатын қаржы 31 млн 975 мың теңгені құрайды", - деп хабарладған еді қордың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу