Құлсарыда 8 жасар қызды өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды

2090

Бұған дейін 8 жасар қыз із-түзсіз жоғалып, Жылыой ауданындағы Құрсай өзенінен денесі табылды.

Құлсарыда 8 жасар қызды өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды Фото: бейнежазбадан

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 8 жасар қыз 5 маусымда үйінен шығып кеткен.

Құлсары қаласындағы ер адамның жасөспірімді ертіп бара жатқаны көше камерасына түскен.

– Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Жасөспірімді өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Кейін сот санкциясымен қамауға алынды, – деп хабарлады.

Қазір аталған дерекке қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. 

– Елімізде мұндай ауыр қылмыс үшін ең қатаң жаза қарастырылған. Жасөспірімнің өліміне байланысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барасы Атырау облыстық полиция департаменті бастығының ерекше бақылауына алынды, – деп мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу