Атырау облысында полицейлер жоғалған ер адамды дронның көмегімен тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адам Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат түскен.
"Бүгін таңертең Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқынынан пайда болған аралдан полиция қызметкерлері дронның көмегімен 49 жастағы ер адамды тапты", - деп жазылған хабарламада.
Ер адамның жағдайы тұрақты, туыстарының жанында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу