Құлсарыда жоғалып кеткен екінші адамның мүрдесі табылды

1489

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, мүрденің тасқын судың астында жатқаны анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құлсарыда жоғалып кеткен екінші адамның мүрдесі табылды Фото: Атырау облыстық ТЖД

"Бүгін, 14 сәуір күні сағат 13:40-та 2 000 жылғы ер адамның мүрдесі тұрғын үйінен 1 шақырым қашықтықтан табылды. Мүрде тасқын судың астында 1,5 метр тереңдіктен табылды", - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Бұған дейін су басқан Құлсарыдан бір адамның мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз. 

Құлсары қаласында 6 сәуірде әкесі мен баласы бірге жоғалып кеткен еді. Әкесі 1 976 жылғы, ал бала 2 000 жылы туған. Олар рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйін қарау үшін барған. Алайда, олар эвакуациялық пунктіге кері оралмаған. Сол күннен бері жоғалып кеткен әкесі мен баласын іздеу тоқтаған жоқ. 

Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу