"Ағаларыма, бауырларыма осы тиынды бергім келіп отыр": Оқушы жинаған ақшасын судан зардап шеккендерге берді

231

Маңғыстау облысы, Ақшұқыр ауылының 4-сынып оқитын тұрғыны қобдишаға жинаған ақшасын Құлсары қаласына гуманитарлық көмекке қосты.  

"Ағаларыма, бауырларыма осы тиынды бергім келіп отыр": Оқушы жинаған ақшасын судан зардап шеккендерге берді Фото: mangystaumedia.kz

Маршал Әбдіхалықов гимназиясының оқушысы Нұрасыл Игілікұлы гуманитарлық көмек жөніндегі жарнаманы әлеуметтік желіден көрген. Жеткіншек көрші өңірдегі жағдайды ести сала көмек қолын созуға асыққан.

Өзі тиын жинап жүрген қобдишаны ашып, ауылдың белсенді азаматтарына табыстаған. Баланың бұл ісіне сүйсінген азаматтар видеоға түсіріп алыпты.

“Құлсарыдағы ағаларыма, бауырларыма осы тиынды бергім келіп отыр. Қобдишаға жинап жүрген тиыным еді. Енді оны сіздерге табыстаймын, бауырларыма жеткізсеңіздер”, – дейді Нұрасыл Игілікұлы.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары Нұрасылға ақ тілегін жаудырып жатыр.

"Халықты ойлаған кішкентай жүрегіңнен айналайын. Үлкен азамат бол", "аман жүр, аман бол балам", "Нұрасыл, атыңа затың сай бала екенсің! Өркенің өссін , осы жылап отырған өзің сияқты замандастарының басына түскен қиыншылықты артқа тастап, тезірек мектептеріне оралсын! Саған құдіреті күшті Алла жар болсын!", – деп оқырмандар жылы тілектерін білдірді.

Айта кетсек, "Қазақстан халқына" қоры еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге 10 млрд теңге бөледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу