Құлсарыдағы эвакуация пунктіне орналасқан тұрғындар саны көбейген

294

Атырау облысында тасқын су басқан Құлсары қаласындағы эвакуация пунктіне орналасқан тұрғындар саны көбейіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құлсарыдағы эвакуация пунктіне орналасқан тұрғындар саны көбейген Фото: Атырау облысының жедел штабы

Атырау облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Құлсары қаласынан 36 мың 738 адам эвакуацияланған. Тұрғындардың бір бөлігі Маңғыстау облысына, Атырау қаласы мен "Теңіз" вахталық қалашығында ашылған эвакуациялық пункттерге көшірілген еді. 

"Құлсары қаласының 809 тұрғыны эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр. Оның ішінде 371 адам "Теңіз" вахталық қалашығындағы эвакуациялық пунктте орналасқан", - деп хабарлады облыстық жедел штаб. 

Көршілес Ақтау қаласындағы эвакуациялық пункттерге орналасқан 86 тұрғын тұрғылықты мекеніне әлі оралмаған. Ал, Құлсары қаласында ашылған эвакуация пункттеріне орналасқан тұрғындар саны көбейген. Мәселен, 7 мамырда осындағы екі пунктте 105 құлсарылық бар еді. Қазір осындай пункттерде 352 адам тұрып жатыр.

Жылыой ауданында төтенше жағдай енгізілгеннен бері 6 000-нан астам отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілген. 

Еске сала кетелік, Су басқан Құлсарының 686 тұрғыны әлі де эвакуациялық пункттерде тұрып жатқанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу