Құлсарыдағы су тасқыны: Атырау мен Маңғыстаудан көмек келді

120

Атырау облысының Құлсары қаласында су тасқынына қарсы күрес шаралары күшейтілді.  

Құлсарыдағы су тасқыны: Атырау мен Маңғыстаудан көмек келді Фото: Атырау облыстық ТЖД

Қауіп төнген аумақтарда тосқауыл қою және жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жылыой аудандық әкімдігінің мәліметінше, Құлсарыға Атыраудағы әскери бөлімдерден 150-ге жуық сарбаз көмекке келді. Олар күндіз-түні бөгеттерде кезекшілік етіп, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Сонымен қатар, Тұрғызба ауылдық округінде су тасқынына қарсы шаралар қолға алынды. Бұл аумақта Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 55 қызметкері мен 30 әскери сарбаз жаға бекіту жұмыстарына кірісті. Әр бөгетке тәулік бойы кезекшілік қойылып, су тасқынына байланысты жағдай тұрақты бақылауға алынды.

18 наурыздан бастап су басу қаупі бар аумақтардан төрт түлік малды көшіру жұмыстары басталды. Құзырлы органдар тасқын салдарын барынша азайту үшін тиісті шараларды жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу