Құлсарыдағы жарылыстан ерлі-зайыптылар қаза тапқан

4058

Кеше Атырау облысының Құлсары қаласында жанармай құю бекетінде болған жарылыстан ерлі-зайыптылар көз жұмғаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құлсарыдағы жарылыстан ерлі-зайыптылар қаза тапқан Фото: Alash.kz

Көз жұмған ер мен әйелдің екеуі де жарылыс болған жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.

“Жарылыс болған кезде 43 жастағы ер адам цистерна ішінде болған. Оның 40 жастағы әйелі сол кезде жанармай құю бекетінің ғимаратында болған. Екеуі де сол жерде көз жұмды”, – деп мәлімдеді Atyrauoil.news парақшасы.

14 адам зардап шеккен жарылыстан кейінгі өрт кеше кешкі 21:47-де сөндірілген. Алайда екі адамды құтқару мүмкін болмаған.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті, полиция және тергеу органдары жұмыс істеп, жан-жақты себептерін саралап жатыр. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу