Құлсарыдан құтқарылған жүкті әйел Маңғыстауға барар жолда босанды

1066

Құлсары тұрғыны Маңғыстау облысына барар жолда толғағы келіп, сәбилі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құлсарыдан құтқарылған жүкті әйел Маңғыстауға барар жолда босанды Фото: kaztag.info

Жедел жәрдем көлігінде босанған анаға акушер Гүлзада Қожаниязова көмектескен. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы жақсы екенін атады.

"Сенбі күні таңертең 1980 жылы туған әйел жүктіліктің 39-40 аптасында жедел жәрдем көлігінде босанды. Оны Құлсарыдан Маңғыстауға жеткізген. Бала 3 келі 150 г салмақпен дүниеге келді. Бала туғаннан кейін біраз уақыт мамандардың бақылауында болады. Ананың да, жаңа туған нәрестенің де жағдайы тұрақты деп бағаланады. Босану сәті асқынусыз, сәтті өтті. Әйел бесінші перзентін босанып отыр. Акушерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсібилігі маңызды рөл атқарды. Қазір науқас бізде-босанғаннан кейінгі бөлімде. Ол дәрігерлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын жеткізді", - деді Бейнеу аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Асухан Маркабаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу