Құлсарыға келген шығын көлемін анықтауға әлі екі апта керек

199

Ағынның астында қалған Құлсары қаласында бүгінге дейін 3,7 млн текше метр су сорылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құлсарыға келген шығын көлемін анықтауға әлі екі апта керек Фото: ТЖМ

1 347 тұрғын үй мен 26 әлеуметтік нысанға дезинфекция жасалыпты. Жұмылдырылған 8 бригада қызметкерлерінің жұмысы жалғасуда.

Моноқала тұрғындарынан бас аяғы 2 733 өтініш түскен. 867 объектіге техникалық қадағалау жүргізілді. Қоғамдық штаб келген шығын көлемін 15 мамырға дейін есептейді.

Жалпы Атырау облысы бойынша жағдай мәз емес. Ресейден жіберілген мол су әлі жетпеді. Қауіп төнген Индер мен Махамбет аудандарында бөгет бекіту аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу