Құлтемірлер өз құқықтарын қорғауды талап етеді

793

Құлтемірлер өз құқықтарын қорғауды талап етеді

Астрофизик әрі футурист Дэвид Брин адамзатты жақын болашақта не күтіп тұрғанын айтты, - деп жазады massaget.kz.

Оның ойынша, адамдар мен құлтемірлер арасындағы байланыста дағдарыс туындауы мүмкін. Оқиға 3-5 жылдың көлемінде болады деп пайымдайды ғалым. Алдағы 3 жылда құлтемірлер еркіндік пен өз құқықтарын қорғауды талап ететін болады. Олар өздерінің жасанды интеллект екенін жақсы ұғынатын жағдайға жетеді. Уақыт өте proxy-белсенділер де пайда болады. Бұл жаңа мамандық иелері құлтемірлер құқығын қорғаумен айналысады. Сондай-ақ, олардың міндетіне, керісінше, адамдарды жасанды интеллекттен қорғау да енеді. Мәселені шешу мақсатында ғаламторды шектеу шарасы қолданылатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу