Қырғызстан парламенті құмалақшылар мен көріпкелдерді, сәуегейлікті жарнамалауға тыйым салуды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжатқа сәйкес, оккульттік-мистикалық қызметтерді (соның ішінде бақсылық, көріпкелдік, сәуегейлік, сиқыр және т.б.) және оларды ұсынатын адамдарды жарнамалауға тыйым салынады. Мұндай жарнамаға ақпараттық-телекоммуникациялық желіде, интернет-қауымдастықтарда, радио мен теледидарда тыйым салу жоспарланып отыр.
Сыртқы жарнама да тыйымға кіреді. Түзетулер бастамашыларының пікірінше, бұл жосықсыз азаматтардың көрсетілген қызметтерді ұсынуы туралы ұғымдарды нақты ажыратуға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу