Агенттік мәліметінше, тізімге 121 субъект енген.
"Оның ішіне қаржы пирамидасының белгілері бар 56 ұйым және 65 заңсыз инвестициялық делдал (жалған брокер) енгізілді. Ведомство ұйымдардың қызметінен заңсыз әрекеттерді анықтаған", – деп жазылған хабарламада.
Тізімді жариялау тұтынушылардың құқын қорғауға, тәуекелді уақытында анықтауға, нарықта әділ бәсекелестікті орнатуға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері агенттікке күмәнді компаниялардың қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 125 өтініш келіп түскен.
Күмәнді қаржы ұйымдарының тізімін сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу