Күмәнді сөмке: Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде студенттер эвакуацияланды

292

Оқиғаға байланысты шұғыл қызметтер дереу шақырылған.

Күмәнді сөмке: Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде студенттер эвакуацияланды Фото: Жанар Каримова

Әлеуметтік желілерде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлерінің эвакуацияланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биология және химия факультетінің маңында болған.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, қаладағы оқу орындарының бірінен қараусыз қалған сөмке табылған. Оқиғаға байланысты шұғыл қызметтер дереу шақырылған.

– Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында студенттер мен оқытушылар эвакуацияланды. Тексеру барысында сөмкенің студенттердің біріне тиесілі екені және ішінде оқу құралдары бар екені анықталды. Сөмкедегі заттар қауіп төндірмейтіні белгілі болды, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Полиция азаматтарды қырағылық танытқаны үшін алғыс айтып, күмәнді немесе қараусыз қалған заттарды байқаса, өз бетінше әрекет етпей, дереу 102 нөміріне хабарлауды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу