Күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алуға қойылатын талаптар бекітілді

1044

Күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алуға қойылатын талаптар бекітілді

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметі қағидалары, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар бекітілді, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк "Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметі қағидаларын, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Ұлттық банк басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) қабылданғаны туралы хабарлайды.

Қаулы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді.

Атап айтқанда, қаулы бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметінің тәртібін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды айқындайды.

Қаулы Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 16795 болып тіркелді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаулының толық мәтінімен Ұлттық банктің ресми интернет-ресурсында "Нормативтік құқықтық база" бөлімінде танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу