Құмар Ақсақалов неге Меңкесер көлінде демалуды ұнататынын айтты

1512

СҚО әкімі Меңкесер көлін Израильдегі Өлі көлге теңеді.

Құмар Ақсақалов неге Меңкесер көлінде демалуды ұнататынын айтты

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауылындағы Меңкесер көлінің жағасына демалыс кешендері салынып жатыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов осы арқылы өңірде экологиялық туризмді дамытпақшы. 

"Меңкесер көлі – шын мәнінде біздің облысымыздағы қасиетті көлдің бірі. Ондағы судың сапасы Израильдегі көлге өте ұқсас деп есептеледі. Жыл сайын көрші мемлекеттен де, Нұр-Сұлтаннан, басқа да облыстардан көтпеген адамдар келіп, ем алады. Суы өте жақсы. Біздің тарапымыздан міндетті түрде инфрақұрылым, яғни жол салынуы керек. Биыл осы мәселе шешіліп қалды. Осы көлге дейін Петропавл қаласынан бір сағаттың ішінде жетуге болады. Менің өзім де жазда  жағдай болған кезде, уақыт болған кезде барып, көріп тұрамын. Су шын мәнінде өте жақсы. Сондықтан биыл да бір демалыс орындарын аштық. Автокеруен арқылы кез келген адам өз көлігімен келіп, сол жерде демалатын жағдай жасалатын болады", - деді облыс әкімі.

Есжан Ботақара

Фото: петропавловск.news

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу