Құмар ойын ойнауға тыйым салынған азаматтардың тізімін толықтыру ұсынылды

156

Депутат шектеу қойылған азаматтар әлі күнге емін-еркін құмар ойын ойнап жүр дейді.

Құмар ойын ойнауға тыйым салынған азаматтардың тізімін толықтыру ұсынылды Фото: Damnlag.com

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев лудоманияның мәселелері туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бәс тігу арқылы ұтысқа ие болған азаматтар "ақшамызды ала алмадық" деп арызданып жүр. Букмекерлік кеңседе ойнап ұтқан азамат белгіленген тәртіпке сәйкес 10 күн ішінде ұтысын алуы керек. Ал букмекерлер сол уақытта ұтысын бермей қойса, адамдар қайда барып шағымданарын білмейді. Себебі азаматтық кодексте тиісті норма қарастырылмаған. Сәйкесінше сот мұндай шағымдарды қараудан бас тартады екен", – делінген депутатық сауалда.

Депуттың сөзінше, бұл мәселені де азаматтардың құқығы сотта қорғалатындай қылып шешу қажет.

"Құмар ойын ойнауға тыйым салынған азаматтардың тізімін толықтыру керек. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінде тиісті тапсырма берілді. Соған сәйкес сотталған, бірақ бас бостандығынан айрылмаған азаматтарға құмар ойын ойнауға тыйым салу қажет. Бұл лудомандардың бәс тігетін ақша іздеп тағы да қылмыс жасамауы үшін керек", – деді Нартай Сәрсенғалиев.

Мәжілісмен елімізде құмар ойын ойнауға тыйым салынған азаматтардың тізімі бар екенін еске салды. 

"Оған борышкерлердің бірыңғай тізіміндегілер, өз-өзін шектегендер мен құмар ойын ойнауға шектеу қойылған адамдар кіреді. Бұл 3,5 миллионнан астам қазақстандық. Заңның қалыбы қатаң боп қабылданғанмен іске асыруға келгенде сылбырлық байқалады. Салдарынан шектеу қойылған азаматтар әлі күнге емін-еркін құмар ойын ойнап жүр. Осы үлкен кемшілікті түп тамырымен жою үшін Әділет министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Қаржы министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің арасындағы ақпарат алмасу жұмысын тезірек интеграция жасау қажет", – деді Мәжіліс депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу