Құмар ойын оталықтары 5 миллиард теңгеден аса пайда тапқан

1272

Құмар ойын оталықтары 5 миллиард теңгеден аса пайда тапқан

Осы жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі құмар ойын оталықтары 5 млрд 4 млн теңге пайда тапқан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,2% жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Atameken Business.

Сондай-ақ, төленген салық көлемі де бір жыл ішінде 2,4 есе өскен.

Айта кетсек, казинолар мен букмекерлік кеңселердің салық төлеу ережесі өзгертілген болатын. Қазіргі уақытта букмекерлік орталықтардың төлейтін салық жиынтығы 75 айлық есептік көрсеткіштен 150-ге дейін көтерілген. Ал, электронды тотализаторлардың төлейтін салығы 125 айлық есептік көрсеткіштен 2000-ға дейін өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу