Құмар ойындар саласындағы көрсеткішер 37%-ға төмендеген

1456

Аталған сектор бойынша еліміздің үш өңірінде өсім байқалады.

Құмар ойындар саласындағы көрсеткішер 37%-ға төмендеген

2019 жылдың алғашқы тоғыз айында құмар ойындар мен бәс тігу бойынша бақыланбайтын экономика секторын қосқандағы қызметтер көлемі 9,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,4%-ға төмен, деп хабаралады Finprom.kz. 

Ал бақыланбайтын экономика секторын қоспағанда жыл басынан бері көрсеткіштер 15,5 млрд теңгеден 9,5 млрд теңгеге, яғни, 38,5%-ға қысқарған.

Аталған сала бойынша еліміздің үш өңірінде жағымды динамика байқалады. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қызылорда облысында көрсеткіштер 2,7 есеге (6,1 млн теңге), БҚО-да 30,6%-ға (27,8 млн теңге), Ақмола облысында 4,5%-ға (1,3 млрд теңге) жоғарылаған.  
Ал ШҚО мен Шымкентте көрсеткіштер керісінше 97,2%-ға, Маңғыстау облысында 96,2%-ға, Нұр-Сұлтанда 96%-ға төмендеген. 

Жалпы құмар ойындар секторының басым бөлігі Алматы (7,2 млрд теңге)  мен Ақмола (1,3 млрд теңге) облыстарына тиесілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу