Құмар ойындарға тәуелді адамдарға медициналық көмек көрсетіледі

254

Құмар ойындар ойнауға және бәс тігуге тыйым салынатын адамдардың тізімі айқындалады. 

Құмар ойындарға тәуелді адамдарға медициналық көмек көрсетіледі Фото: psygrad.moscow

Бүгін сенат отырысында екінші оқылымда лудоманияға қатысты бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Заң мақұлданды, деп хабарлайды Inbusiness.kz cайты.

"Заңға Мемлекет басшысының халық арасында ойынға тәуелділікке қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасады. Заң азаматтарды құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу кезінде ойынға тәуелділікті қалыптастырудан қорғау бөлігінде заңнаманы жетілдіруге бағытталған", - делінген сенатор Әсем Рахметова баяндамасында. 

Атап айтқанда, Заңда мынадай жаңашылдықтарды енгізу:
- құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізімін айқындау (21 жасқа дейінгі жеке тұлғалар, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген, оның ішінде 1 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге дейін өзін-өзі шектеу шектеген адамдар, т.б.);
- құмар ойындарға тәуелді адамдарды медициналық оңалту тәртібін белгілеу және оларға консультативтік медициналық бақылау енгізу;
- халықтың абоненттік құрылғыларына ұялы байланыс операторларының электрондық казино, интернет-казино жарнамасы, сондай-ақ құмар ойындар және (немесе) бәс тігу жарнамасы бар мәтіндік хабарлар жіберуіне тыйым салуды белгілеу;
- букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға тыйым салуды белгілеу, атап айтқанда: ғимараттардағы, құрылысжайлардағы және көлік құралдарындағы, масс-медиадағы, кино -, бейне- және анықтамалық қызмет көрсетудегі сыртқы жарнама;
- лотерея билеттерін (электрондық лотерея билеттерін) таратуға (өткізуге) қойылатын талаптарды белгілеу (лотерея операторы және таратушы (агент) арқылы ғана);
- лотерея билеттерін (электрондық лотерея билеттерін) тарату (өткізу) орнын анықтау (лотерея терминалдары, стационарлық емес сауда объектілері, пошта операторының пошта байланысы бөлімшелері, лотерея операторының бөлімшелері);
- тұрғын үйлер мен жатақханаларда, мәдениет ұйымдары орналасқан жеке тұрған ғимараттар мен құрылысжайларда, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында, ғибадат ғимараттары мен құрылысжайларында лотерея билеттерін таратуға және терминалдар орнатуға тыйым салуды белгілеу;
- Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет-ресурстарын лицензиясыз жүзеге асыруға тыйым салуды белгілеу;
- букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қамтамасыз ету көзделеді.

"Заң ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласын реттеудің нормативтік негізін тұжырымдамалық тұрғыдан өзектендіруге мүмкіндік береді және ұлттық заңнаманы және олардың құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіруге ықпал ететін болады", - деді сенатор. 

Сонымен қатар Заң ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты күшейтуді көздейді. 

Атап айтқанда, заң келесі жаңашылдықтарды:
Ойын бизнесін ұйымдастырушыларының:
- 21 жасқа дейінгі адамдарды, сондай-ақ құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуы шектелген және Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған адамдарға рұқсат бергені үшін;
- тотализатордың, букмекерлік кеңсенің Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының ережелеріне сәйкес келмейтін жарнаманы таратқаны немесе орналастырғаны үшін;
- ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінде, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор үй-жайларында, казино мен ойын автоматтары залының кассаларында, тотализатордың немесе букмекерлік кеңсенің кассаларында және электрондық кассаларында, өзінің интернет-ресурстарында құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертуді орналастыру жөніндегі талаптарды сақтамағаны;
- телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты түрде қол жеткізу карталарын таратқаны үшін әкімшілік жауаптылығын белгілеуді көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу