507 миллион теңге жұмсаған 305 шенеуніктің қазір 153-і жазаланғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісz.
Қолда бар деректерге сүйенсек, олардың ішінде болған Ішкі істер министрлігінің 88 қызметкері ойынханаға қыруар қаржы шығындағанын мойындап, оның 17-сі жұмыстан қуылған. Қалған 71 адамға тәртіптік сипаттағы шара қолданыпты.
Бас прокуратура жариялаған тізімде 95 әскери қызметші бар делінгенімен, Қорғаныс министрлігі тек 63 қызметкер анықталғанын хабарлады. Оның 11-і орнынан кетсе, 52-сі тәртіптік жазаға тартылды. Одан бөлек, тізімде Қаржы министрлігінің 25, Жоғарғы соттың 7, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің -3, әкімдіктерден -36 және өзге де мемлекеттік органдардың 27 қызметкері болған. Аталған органдардың құмар ойынның құрсауына түскен жұмысшыларына қандай жаза қолданғаны ашық дерек көздерінде әзірге жарияланбай отыр.