Индонезияда құмар ойынға салынған ер адам 11 айлық ұлын 800 долларға сатып жіберген. Бұл туралы "Daily Mail" хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Атап өтілгендей, әкесі құмар ойындарға ақша табу үшін келісім-шартқа отырған. Ер адамның баланы сатып, 800 долларға жуық ақша алғаны белгілі болды. Анасы ұлының жоғалып кеткенін байқап, полицияға хабарласқан.
Нақты айғақтардан кейін индонезиялық азамат қылмысын мойындаған. Баланы сатып алушылар адам саудасына күдікті ретінде қамауға алынған, олар үлкен мөлшерде айыппұл төлеп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу