Құмар ойынымен "ауыратын" адамдар қылмыс жасауға бейім болады

1172

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саясаттанушы Талғат Қалиев "ҚР ойын бизнесі туралы" заң талаптарын қатаңдату қажет екенін мәлімдеді.

Құмар ойынымен "ауыратын" адамдар қылмыс жасауға бейім болады

Құмар ойынымен "ауыратын" адамдар қылмыс жасауға бейім болады. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

"Мысалы, 2017 жылы тамызда бір топ адам казинода қомақты қаржыларынан ұтылып қалып, ішкі күйіктерін басу үшін Toyota Land Cruiser автокөлігін өртеп жіберген. Дәл осы жылы сәуірде бинго-клубтың тұрақты ойыншысы автоматтан ұтылып қалып, атасы мен анасын өлтіріп тастаған. Былтыр Астанада ер адам азаматтық некеде тұрып жатқан әйелін мерт қылды. Бұған әйелдің үйде тұрған ақшаны құмар ойынына салып жібергені себеп болған. Биыл 20 қаңтарда "Парри-матч" букмекерлік кеңсесіне шабуыл жасалып, 1 млн теңгеден астам ақша қолды болды. Күзетші мен кассирдің денсаулығына зақым келтірілді", – деді Мақсат Байболов.

Комитет төрағасының орынбасары ойын бизнесін заңсыз ұймдастыру қылмыстық жауапкершілік жүктейтін жеткізді.

"Ел аумағында букмекерлік кеңсе мен заңды тотализатордың пердесін жамылып, рұқсат етілмеген жерлерде электронды казиномен табыс тауып жатқандар бар. Біз оларға ымырасыз күрес жариялап отырмыз. Өткен жылдың мамыр-тамыз айларында бас прокуратураның араласуымен 5 ірі шұғыл-іздестіру шарасы ұйымдастырылып, еліміздің 17 қаласында ойын бизнесіне ұйытқы болған 4 трансұлттық ұйымдасқан топ ұсталды. Олар заңсыз әрекет ету арқылы 12 млрд теңгеден астам табыс тауып үлгерген", – деді Мақсат Байболов.

Жоғарыдағы фактілерді ескере келе "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саясаттанушы Талғат Қалиев "ҚР ойын бизнесі туралы" заң талаптарын қатаңдату қажет екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу