Түнде сағат 12-ден аса жүгері алқабынан басқа маңда үйілген құмнан ойнаған баланың ізі табылған. Бұл туралы волонтер Асылан Кенжетай интернет желісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Сонымен бірге "Дельта-С" компаниясы басшысы Сергей Хоменко кешкі уақытта әуеден іздестіру үшін мотодельтаплан ұсынды. Оның кәсіпорны Қостанай облысы бойынша авиациялық-химиялық жұмыстармен айналысады. Әуеден іздестіру Тобыл өзенінің алқабы, арнасының бойымен жүзеге асырылады.
Еске саламыз, 7 тамызда үйдегі әпкелері ұйықтап жатқанда кішкентай қыз сыртқа шығып кеткен
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу