Құмкөл кеніші мен Торғай ойпатында мұнай өндіру 4,3 млн тоннаға қысқарды

2550

Енді өңірдің мұнай-газ саласының ресурстық әлеуетін арттыруға перспективалы шөгінді бассейндер мен Арал теңізінің акваториясын кең ауқымды зерделеу ықпал етпек.

Құмкөл кеніші мен Торғай ойпатында мұнай өндіру 4,3 млн тоннаға қысқарды

Қызылорда облысында соңғы 6 жылда мұнай өндіру көлемі 4,3 млн тоннаға қысқарды. Болжам бойынша, биылғы жылы тағы 1,1 млн тоннаға қысқармақ. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Ысқақов мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде айтты.

Сарапшылардың айтуынша, енді өңірдің мұнай-газ саласының ресурстық әлеуетін арттыруға перспективалы шөгінді бассейндер мен Арал теңізінің акваториясын кең ауқымды зерделеу ықпал етпек.

"ҚР үкіметінің қаулысымен Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарда Шу-Сарысу, Оңтүстік Торғай, Сырдария шөгінді бассейндерін геологиялық зерттеу қамтылған, онда көмірсутек қорларын анықтау қарастырылған", – деді аймақ басшысы.

Алдағы уақытта облыстың ірі компаниялары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жаңа кен орындарын барлау бойынша бірлесіп жұмыс істемек.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу