Күн батареясымен қуаттанатын автономды жол катафоттары сыналды

574

Тәжірибелік сынақтар өткізілетін жол учаскесі ретінде Көкшетау қаласы арқылы өтетін 40+100 км "Нұр-Сұлтан – Петропавл" жолы таңдалды.

Күн батареясымен қуаттанатын автономды жол катафоттары сыналды

Жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін көтеру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында ""QazAvtoJol" ҰК" АҚ "IMRAN COMAPNY" компаниясымен бірлесіп күн батареясымен қуаттанатын автономды жол катафоттарын сынады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Тәжірибелік сынақтар өткізілетін жол учаскесі ретінде "Көкшетау қаласы арқылы өтетін 40+100 км Нұр-Сұлтан – Петропавл" А1 ақылы автомобиль жолы таңдалған болатын. Мамандардың атап өтуінше, күн батареясы арқылы қуаттанатын автономды жол катафоттары түнгі уақыттағы және ауа райының қолайсыздығы кезінде жол жағдайын көру мүмкін емес болған жағдайдағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін жоғарылату үшін қолданылады. Олар - жолдағы таңбалардың көшірмесі. Катафоттар жолдардың қауіпті учаскелерінде жүргізушілердің назарын аударады. Ал егер көлік басқарушы жолдағы тұтас сызық таңбасын басса, катафоттар белгілі бір дыбыс шығарады. Бұл өз кезегінде көліктердің қарсы қозғалыс жолағына өту ықтималдығын төмендетуге, көліктердің соқтығысуын немесе көліктердің жыраға түсіп кетуін  болдырмауға мүмкіндік береді.

"IMRAN COMAPNY" компаниясының мәліметтерінше, жол катафоттарын 7 жылға дейін пайдалануға болады. Олар салмағы 30 тоннаға дейінгі жүкті көтеруге есептелген. Осы ретте компания аталмыш өнімге 2 жылдық кепілдік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу