Күн бетінде қуатты M класты жарқыл тіркелді

215

Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Күн бетінде қуатты M класты жарқыл тіркелді Фото: Аргументы и Факты

Жексенбі күні таңертең Күн бетінде M класты қуатты жарқыл байқалды, 

"23 ақпан күні Мәскеу уақытымен 05:13-те күн дақтарының 4001 (N25W82) тобында рентген диапазонында ұзақтығы 23 минут болатын M4.9 класты алау тіркелді",  деп мәлімдеді Қолданбалы геофизика институты ("ҚГИ" Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі).

Ғалымдардың айтуынша, Күн алаулары рентген сәулеленуінің қуатына қарай A, B, C, M және X класына бөлінеді. Ең төменгі A0.0 класы Жер орбитасындағы 1 шаршы метрге 10 нВт сәулелену қуатына тең. Әр келесі әріптік класқа өткен сайын бұл қуат 10 есе артады.

Әдетте, алаулар күн плазмасының шығарындыларымен бірге жүреді. Бұл плазма бұлттары Жерге жеткенде, магнит өрісіне әсер етіп, магниттік дауылдар тудыруы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу