Күн электр станциясы пайдалануға берілді

3622

Шымкент-Қызылорда тасжолы бойында орналасқан күн электр станциясы "ТҚ-6-Қызылорда", "ТҚ-6-Шиелі-Қызылорда" жоғары вольтты электр тарату желісі арқылы аудандар мен Қызылорда қаласына қызмет көрсететін болады.

Күн электр станциясы  пайдалануға берілді

Күн қызуының Қызылорда облысына берер жылдық ұзақтығы 3 мың сағаттан артық. Осы энергияны тиімді пайдалануды мақсат еткен "Байқоңыр Солар" ЖШС күннен қуат алатын электр станциясын ашты.

Шымкент-Қызылорда тасжолы бойында орналасқан күн электр станциясы "ТҚ-6-Қызылорда", "ТҚ-6-Шиелі-Қызылорда" жоғары вольтты электр тарату желісі арқылы аудандар мен Қызылорда қаласына қызмет көрсететін болады.

Жаңа жоба - экологиялық таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі өз құнын жүз пайыз ақтайтын экономикалық тиімді қондырғы. Станцияның басты артықшылығы – күн сәулесін молынан сіңіріп, энергия көзін шектеусіз ала алады және белгілі бір ресурстарға тәуелді емес.

Жоба құны 23 млрд теңгені құраса, жалпы аудан көлемі 150 гектар. Қуаты 50 мВт электр станциясында 23 адам тұрақты жұмыс істейді.

Тәуелсіздік күніне орай ашылған жобаның тиімділігі мен маңыздылығына облыс әкімі Қ.Ысқақов баға берді.

"Электр станциясының іске қосылуы еліміздегі жаңартылған энергия көздерінің үлесін арттыру, "жасыл" технологияларға көшу бағытында жасалған зор қадам деп білу керек. Болашақта аймақ тұрғындары баламалы энергия көздерін тұтыну деңгейін одан әрі дамыта береді", - деді облыс әкімі.

Станция құрылысын Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және Таза технологиялар қоры қаржыландырған. Жаңа станция CO2 газының шығарылуын 75000 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу